«Таза бейсенбіге» қатысқандар тарихи ескерткіштерді тазалады

Жамбыл облысында партия бел­сен­ділері ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұ­­­ралар тізіміне енген бірегей ескерт­кіш – Ақыртас қалашығын ретке кел­тірді.

«Таза бейсенбіге» қатысқандар тарихи ескерткіштерді тазалады
сурет: amanatpartiasy.kz
356

Тарихи ескерткіштерді сақтау мәселе­леріне қоғам назарын аудару және тари­хы­мыз, мәдениетіміз және табиғатымызды қор­ғауға бай­ла­ныс­ты ортақ көзқарас қа­лып­­тастыру мақсатында «AMANAT» партия­сы­ның мү­шелері мен «Жастар Рухы» жастар қа­натының өкілдері ұлттық мұра деп есеп­те­летін нысандарды қоқыстан тазартуға кірісті.

Мәселен, Ақтөбе облысында партия мүшелері батыр Исатай Тайманұлының кесенесін тазалады.

Жамбыл облысында партия бел­сен­ділері ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұ­­­ралар тізіміне енген бірегей ескерт­кіш – Ақыртас қалашығын ретке кел­тірді. Жам­был аудандық филиалының төраға­сы Талап Әбдібеков Ақыртас тек елі­міз­дің ғана емес, шетелден келетін ту­рис­тер­дің де зиярат ететін орны еке­нін айт­ты.

– Жұмысты бастамас бұрын біздің во­лонтерлер му­зей-қорық қызме­т­кер­лері­нен қажетті нұсқау­лық­тан өтті. Біз ау­мақты жинап, археологиялық ке­шен­нің қызметкерлеріне көмек көрсетеміз. Со­ны­мен қатар бұл біздің жас белсен­ді­леріміз үшін ту­ған өлке тарихын оқу­лықтан оқып қана қоймай, сол жер­де ежелгі рухты сезіну арқылы те­реңірек білу­ге мүмкіндік. Мен бұл жа­ғымды акцияның қа­зақстандықтарды ор­тақ құндылықтар төңірегінде бірік­тіре­тініне сенімдімін, – деді ол.

Батыс Қазақстан облысы Теректі ау­­данында «AMANAT» партиясының мү­­­шелері «Тақсай ханшайымы» кесе­не­сінің аумағында тазалау жұмыстарын жүргіз­ді. Бұл сармат дәуіріндегі ақсүйек әйел­дің бейіті – «Алтын ханшайым». Белсен­ді­лер арам шөп жұлып, шамамен 2 тонна қоқыс жинады. 

Қарағанды облысында партия мү­ше­лері Шахтинск қаласының жанын­да­ғы Долинка кентінде орналасқан сая­си қуғын-сүргін құрбандарын еске алу му­зейіне барды. Партия мүшелері, «Жас­­тар Рухы» белсенділері және жер­гілік­ті тұр­ғын­дар музей аумағындағы ескерткіш­тер­ді жуып, қоршауларды жөндеді.

Айта кету керек, «Таза бейсенбі» ак­­­ция­сына басқа аймақтар да қатысты. Атап айтқанда, Ақмола, Атырау, Сол­түс­тік Қазақстан, Маңғыстау облыс­тары жә­не Шымкент қаласының пар­тия мү­шелері Ұлы Отан соғысы арда­гер­леріне ар­налған ескерткіштерді та­залауға ат­са­лысты, Қызылорда об­лысы Байқоңыр қаласында белсенділер «Ғы­лым және ға­рыш» монументі айна­ла­сын ретке кел­тірді, Алматы қала­сын­да «Медеу» сая­ба­ғында қоқыс жиналды. Сондай-ақ басқа да елді мекендерде осындай іс-шаралар өтті. 

«Таза бейсенбі» акциясы басталғалы бері табиғатқа және экологияға бейжай қарамайтын 45 мыңға жуық партия мү­шесі мен волонтер іс-шараға қаты­сып, ел бойынша шамамен 6 мың тонна қо­қыс жиналды. «AMANAT» пар­тия­сы­ның мүшелері еліміздің түпкір-түп­кірінде мыңға жуық учаскені ретке кел­тірді. Сондай-ақ жүзден астам өзен-көл, су қоймасы мен су айдын­да­ры­ның ар­налары қоқыстан тазар­тылды.

Серіктес жаңалықтары