Маска киген жігіт баспанасы суға кеткен 34 отбасыға үй сыйлады

Сонымен қатар ол баспана қай өңірлердің тұрғындарына берілгенін атап өтті

Маска киген жігіт баспанасы суға кеткен 34 отбасыға үй сыйлады
Видеодан алынған кадр
454

Бұл туралы желідегі парақшасында мәлім етті, деп жазады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

"Кешіріңіз, апа. Сіздер судан зардап шектіңіздер ғой!? Рұқсат болса, Алланың қалауымен сіздер үйлі болдыңыздар", – дейді ол.

Сонымен қатар ол баспана қай өңірлердің тұрғындарына берілгенін атап өтті.

"Су тасқынынан зардап шеккен 34 отбасы баспаналы болды. Біз сіздермен бірлесіп, 1 млн долларды су тасқынынан зардап шеккен Қазақстанның әр өңіріне үлестірдік. Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысы", – дейді жомарт жігіт.

Серіктес жаңалықтары