514
Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегіне қатысты маңызды мәлімдеме жасады
Әуежайлар мен шекара өткелдерін қоса алғанда, санитариялық-карантиндік пункттерде бақылау шаралары күшейтілді
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында маймыл шешегінің бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ.
Денсаулық сақтау министрлігі инфекцияны елге әкелудің алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдады. Әуежайлар мен шекара өткелдерін қоса алғанда, санитариялық-карантиндік пункттерде бақылау шаралары күшейтілді.
Эндемиялық елдерге сапар шегуді жоспарлап отырған азаматтарға келесідей сақтық шараларын сақтауды ұсынады:
- Ауру адамдармен және жабайы жануарлармен байланыста болудан аулақ болыңыз. Вирус жұқтырған маймылдармен, егеуқұйрықтармен және басқа жануарлармен байланыста болуы мүмкін.
- Қорғаныс құралдарын қолданыңыз. Жануарлармен немесе олардың өнімдерімен байланыста болған кезде қорғаныс киімдері мен қолғаптарын қолдану маңызды.
- Гигиенаны сақтау. Қолды үнемі жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдану инфекцияның таралу қаупін азайтуға көмектеседі.
- Аса қажеттілік туындамаса, маймыл шешегі тіркелген елдерге шықпауға кеңес береміз.
- Алғашқы белгілер пайда болған кезде дәрігерге жүгініңіз. Егер бөртпе, жоғары температура және басқа да белгілер пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгіну керек.