Ресейде 7 балдық жойқын жер сілкінісі тіркелді

Жер сілкінісінің эпицентрі – Петропавловск-Камчатскийден оңтүстік-шығысқа қарай 108 км қашықтықта.

Ресейде 7 балдық жойқын жер сілкінісі тіркелді
сурет: istockphoto.com
1079

Жексенбі күні таңертең Камчатканың оңтүстік-шығыс жағалауында Тынық мұхитында 7,0 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Ресей Ғылым академиясының Бірыңғай геофизикалық қызметінің Камчатка филиалы. Бұл туралы Интефакс агенттігі жазды. 

Жер сілкінісінің эпицентрі – Петропавловск-Камчатскийден оңтүстік-шығысқа қарай 108 км қашықтықта. Жер сілкінісінің ошағы теңіз түбінен 6 км тереңдікте болған.

РФ ТЖМ Камчатка өлкелік басқармасының мәліметі бойынша, Петропавловск-Камчатскийдің кейбір аудандарында жер сілкінісі 7 балға дейін сезілді – ғимараттардағы жиһаздар шайқалып, заттар құлап, көлік сигнализациялары іске қосылды.

Жер сілкінісінің жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша таңғы 07:10-да (Мәскеу уақыты бойынша сенбі, 22:10) Вилючинск, Елизовский және Усть-Камчатский аудандарында да сезілді.

Серіктес жаңалықтары