Ұлытау облысында браконьерлер 15 киікті атқан

Ұлытау облысында жоғалып бара жатқан жабайы жануарлар мен киіктерді қорғау бойынша рейдтік шаралар жүргізіліп жатыр.

Ұлытау облысында браконьерлер 15 киікті атқан
фото: gov.kz
Автор
Админ
378

16 тамызда Ұлытау облысының Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының қызметкерлері браконьерлерді ұстады.

«Ұлытау ауданының аумағында (Түркістан облысымен шекарада) жүргізілген рейдтік шаралар нәтижесінде браконьерлік фактісі анықталды. Урал мотоциклін мінген 4 адам ұсталды. Олардан 15 киік, мүйіздер мен 2 қару тәркіленді»-делінген баспасөз хабарламасында.

Заң бұзғандар Ұлытау облысының Полиция департаментіне жеткізілді.

 

Серіктес жаңалықтары