«Бір жыл күттік»: Абай Бегейдің жаңа құдағиы келініне қатысты дауға нүкте қойды

«Бұл тойды бір жылдан бері күттік. Қатты дайындалдық. Артық сөз, өсек-әңгіме қажет емес», - дейді әншінің жаңа құдағиы Ақмарал Қонақбаева.

«Бір жыл күттік»: Абай Бегейдің жаңа құдағиы келініне қатысты дауға нүкте қойды
Абай Бегей қызымен. Фото: коллаж: Тurkystan.kz
34388

Әнші Абай Бегейдің тұрмысқа шыққан 16 жастағы қызы көпшілік арасында әлі қызу талқыланып жатыр. Жап-жас келіннің енесі Ақмарал Қонақбаева желіде мәлімдеме жасап, халыққа үндеу жасады.

«Келініміз – болашақ тіс дәрігері. Сол мамандықтың оқуына түсті. 1 қыркүйектен бастап, балам екеуі білім алуға кетеді. Мен оларды ұстамаймын. Алматы қаласында тұрады. Оқуларына ештеңе кедергі болмайды. Халық «Сымбат ерте кетіп жатыр, әлі жас. Ол келін болуға дайын емес» деп жатыр. Мен бәрін үйретемін. Өзім де тіс дәрігері болғандықтан, сабағына да көмектесемін.

26 тамызда бірге Алматыға еріп барамын. Ол жақта үйіміз бар. Өзім реттестіремін және жайғастырамын. Сіздер ол үшін мүлде қиналмаңыздар! Келінімді қызымнан артық көрмесем, кем көрмеймін. Бұл тойды бір жылдан бері күттік. Қатты дайындалдық. Артық сөз, өсек-әңгіме қажет емес», – деп жазды өнер иесінің құдағиы.

Айта кетейік, қызды алып қашып кеткеннен кейін, әкесі рұқсат бермегендіктен сырға салып алып кеткен болатын.

Серіктес жаңалықтары