Ғалымдар адамның 40-60 жас аралығында жылдамырақ қартаятынын анықтады

Стэнфорд университеті ғалымдарының зерттеуінше, қартаю процесі бірқалыпты жүрмейді.

Ғалымдар адамның 40-60 жас аралығында жылдамырақ қартаятынын анықтады
сурет: istockphoto.com
475

Стэнфорд университетінің жаңа зерттеуі қартаю процесінің бірқалыпты жүрмейтінін, адамдар орта жаста және егде тартқан шағында қартаюдың екі шарықтау кезеңін бастан өткеретінін анықтады.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, адамдар 44 жасында және 60 жасында қартаюдың жылдам кезеңдерінен өтеді екен.

Nature журналында жарияланған зерттеуде айтылғандай, 25 пен 75 жас аралығындағы 108 адамның молекулалық өзгерістер қарқыны орта есеппен 1,7 жыл бойы бақыланған. Таңдалған топ шағын болғанына қарамастан, бұл зерттеудің нәтижесі аса маңызды. Жүрек-қан тамырлары аурулары, деменция, Паркинсон ауруы және басқа да қауіп-қатер жас ұлғайған сайын арта түсетіні белгілі болған.

«Біз уақыт өте келе біртіндеп өзгеріп қана қоймаймыз; шын мәнінде, өте күрделі өзгерістер болады», – дейді зерттеудің аға авторы және Стэнфорд университетінің геномика және дербестендірілген медицина орталығының директоры Майкл Снайдер.

Зерттеушілер сонымен қатар 60 жастан асқан адамдардың 2 типті қант диабеті және жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығу қаупі жоғары екенін анықтады.

Серіктес жаңалықтары