«Сөз арнау өте ауыр»: Абай Бегей қызы мен күйеубаласына әсерлі жазба арнады

Өнер иесі қызын күйеубаласына аманаттап тапсырды.

«Сөз арнау өте ауыр»: Абай Бегей қызы мен күйеубаласына әсерлі жазба арнады
Абай Бегей. Фото: instagram/abai_begei
654

Әнші Абай Бегей 16 жаста тұрмысқа шыққан қызына және күйеубаласына жүрекжарды тілегін арнап, желіде әсерлі жазба жариялады. 

 «Симбиім қызым  Менің мәпелеп өсірген аппақ гүл-қызым! Ендігі жердегі тілегім саған арналады. «Қыз бала – қонақ» деген осы екен. Маған өзіңе сөз арнау өте ауыр, қызым! Сені мұңайтқым келмейді, қуантқым келеді. Өйткені, өз қалауыңмен тең қосағыңды тауып, бақытты сапарға шығып барасың. Мен осыны ойлап қуанамын! Бүгін жота басына қатар тігілген қос шыбықтарым – күйеу балам Мұстафа екеуіңе бар айтар тілегім: қараған ел қызығатын, қою көлеңкесі ел игілігіне асатын жемісті бәйтерекке айналыңдар. Ертең аппақ желегі желбіреп келін болғалы тұрған қызым, саған айтарым: сен де құдағилыққа жетіп, тілек айт! Бастарыңды - бұлт, бауырыңды мұз шалмасын!

Серіктес жаңалықтары