572
Алтынбек Тәшімбетов өзі ренжіткен медбикелерден кешірім сұрады
Кешелі-бері әнші Алтынбек Тәшімбетов мас күйінде ұсталып, Алматы орталық клиникалық ауруханасының қабылдау бөлмесінде айғай-шу шығарғаны туралы ақпарат тараған еді.
Әнші бүгін қатесін түсініп, ауруханаға келіп, медбикелерден кешірім сұрады, деп жазады Kozachkov offside телеграм арнасы.
Сондай-ақ өзі сындырған терезені жөндеп беремін деп уәде еткен. Бірақ ол жазадан бәрібір құтылмайды. Дәрігерлерге тіл тигізді, қоғамдық орынға мас күйде келді деген айып тағылған әнші айыппұл төлеп, 10 тәулікке қамалуы мүмкін.