Марстан үлкен су қоры табылды

InSight ғарыш аппараты жинаған сейсмикалық мәліметтер Марстың беткі қабатынан 11,5-20 километр тереңдігкте сұйық су резервуарының бар екенін көрсетеді.

Марстан үлкен су қоры табылды
сурет: istockphoto.com
453

Марстың беткі қабатынан 15 шақырым тереңдікте алып сұйық су қоры табылды, деп жазды PNAS ғылыми журналы. 

InSight ғарыш аппараты жинаған сейсмикалық мәліметтер Марстың беткі қабатынан 11,5-20 километр тереңдігкте сұйық су резервуарының бар екенін көрсетеді.

Бұл су магмалық жыныстардың қалың қабаты арқылы жарықтардан ағып, егер біркелкі таралса, ежелгі мұхиттарды толтыруға жетерлік көлемде болар еді. Бұл жаңалық Марстың геологиялық тарихын және оның өмір сүруге жарамдылығын түсінуімізге айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

3 миллиард жылдан астам уақыт бұрын Марс бетінде үлкен көлдер, мұхиттар мен өзендер болған. Жаңа зерттеулер планетада бұрынғыдан да көп өзендер болғанын анықтады. Алайда атмосферасы мен магнит өрісі біртіндеп жоғалған кезде, Марс бетінде сұйық суды сақтау мүмкіндігінен айырылды, - деп жазылған зерттеуде.

Серіктес жаңалықтары