Тобыл өзеніне түсіп кеткен 8 жастағы баланың денесі табылды

18 тамыз күні Қостанай облысының Б.Майлин ауданы, Козыревка ауылында бір ересек ер адам мен 8 жастағы бала абайсызда Тобыл өзеніне түсіп кеткен.

Тобыл өзеніне түсіп кеткен 8 жастағы баланың денесі табылды
istockphoto.com
Автор
Админ
411

Ер адам өзеннен өзі шыққанымен, 8 жастағы бүлдіршінді ағыс алып кеткен.

«Қостанай облысының ТЖД құтқарушылары 8 жастағы баланың денесін Тобыл өзенінен тауып, алып шықты. Іздеу жұмыстары бес күн бойы жүргізілді»-деді Б.Майлин ауданының Төтенше жағдайлар жөніндегі бөлім басшысы Дмитрий Жданов (видеода).

Баланы іздеуге ТЖМ құтқарушылары, полиция, жергілікті атқарушы органдар, еріктілер тартылған. Сондай-ақ жүзу және ұшу аппараттары қолданылған.

Серіктес жаңалықтары