Келесі жылы зейнетақы мөлшері көбеюі мүмкін

Биыл ең төменгі зейнетақы мөлшері – 57 853 теңге.

Келесі жылы зейнетақы мөлшері көбеюі мүмкін
Сурет: istockphoto.com
1659

Қаржы министрлігі алдағы екі жылға арналған республикалық бюджет жобасын «Ашық НҚА» порталында жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

2025-2027 жылға арналған жобада 2025 жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі зейнетақы мен айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері көбейетінін мәлімдеген.

2025 жылға арналған жоба мақұлданса:  

ең төменгі жалақы – 85 мың теңге ($176);

АЕК – 3932 теңге (8,1 доллар);

ең төменгі зейнетақы – 62 771 теңге (130 доллар);

ең төменгі күнкөріс деңгей – 46 228 теңге (95,7 доллар);

ең төменгі базалық зейнетақы төлемі – 32 360 теңге (67 доллар) болады деп жоспарланып отыр. 

Сондай-ақ жасы мен еңбек өтілі бойынша зейнетақы төлемін 8,5%-ға арттыру көзделген. 

Серіктес жаңалықтары