Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейсі ашылады

Алыс қашықтыққа ұшатын әуе лайнерлері келгеннен кейін Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейстер ашылады. Елімізге Boeing-787 Dreamliner ұшағы 2025 жылы жеткізілмек.

Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейсі ашылады
istockphoto.com
505

Қазақстанға АҚШ федералдық авиациялық әкімшілігінің өкілдері келді. Олар 2025 жылдың аяғында тікелей әуе рейстерін ашу мәселесін талқылады.

Көлік министрлігінің азаматтық авиация комитеті, Қазақстанның авиация әкімшілігі Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігімен және Қазақстандағы АҚШ елшілігімен бірлесіп, тікелей рейстерді ашу бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр.

26 тамыз бен 30 тамыз аралығында Қазақстанның авиациялық билігінің ұшу қауіпсіздігін бағалау үшін АҚШ федералдық авиациялық әкімшілігі техникалық сараптама жүргізеді. Көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен авиация әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду АҚШ федералдық делегациясымен кездесу өткізді.

Олар Қазақстандағы азаматтық авиация жүйесіне жан-жақты талдау жүргізіп, ұшу қауіпсіздігі мен халықаралық стандарттарға сәйкестік деңгейін одан әрі арттыру бойынша ұсыныс берді.

Қазақстанға Boeing-787 Dreamliner ұшағы 2025 жылы жеткізілмек. Алыс қашықтыққа ұшатын әуе лайнерлері келгеннен кейін Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейстер ашылады.

Серіктес жаңалықтары