"Әрқашан жаңа нәрсе іздеу керек": Ұлыбритания тұрғыны 102 жасын парашютпен секіріп атап өтті (ВИДЕО)

Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері елдегі ең егде парашютист атанды.

"Әрқашан жаңа нәрсе іздеу керек": Ұлыбритания тұрғыны 102 жасын парашютпен секіріп атап өтті (ВИДЕО)
сурет: The Telegraph/YouTube
384

Ұлыбритания тұрғыны Манетт Бейли 102 жасын парашютпен секіріп атап өтті. Бұл туралы Telegraph және The Guardian басылымдары хабарлады. 

Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері елдегі ең егде парашютист атанды. Ол ұшақтан, екі километрден астам биіктіктен секірді. 

«Әрқашан жаңа нәрсе іздеу керек», – деп ой бөлісті ол. Бейли парашютпен секіру «аздап қорқынышты» болғанын және көзін жұмғанын мойындады. «Бұл тұманның ішінде жүргендей болды», – деп есіне алды Бейли. «Мен тек 80 және 90 жасқа жақындаған адамдар ешнәрседен бас тартпағанын қалаймын. Тек өмір сүре беріңіздер. Шын мәнінде, мен қорықпаймын, ол – пайдасыз», – деді Манетт.

Бейлиге парашютпен секіруге достарының бірінің 85 жастағы әкесінің дәл осындай әрекеті әсер еткен.

«Егер 85 жастағы ер адам мұны істей алса, мен де істей аламын», – деп түсіндірді британдық зейнеткер.

«Менің физикалық жағдайым жақсы болғаны үшін бақыттымын және мен мұны пайдалануым керек, бұл – басты нәрсе. Уақытты босқа өткізе алмаймын, басқалар артриттен зардап шегуде, ал мен жоқ», – деп қосты Манетт.

«Қолдарыңнан келетін іспен айналысыңдар, бәріне қызығушылық танытыңдар, айналаңдағы адамдарға мейірімді болыңдар және олардың сендерге мейірімділік танытуына мүмкіндік беріңдер. Ең бастысы – көңіл көтеруді ұмытпаңдар», – деп кеңес берді ол.

Серіктес жаңалықтары