АҚШ Қырымның аннексиясын мойындаудан тас тартады

АҚШ Қырымның аннексиясын мойындаудан тас тартады

АҚШ Қырымның аннексиясын мойындаудан тас тартады
ашық дереккөзі
177
"Құрама Штаттар 2014 жылдың 16 наурызындағы референдумды, халықаралық құқықтары аттап өту арқылы Қырымды аннексиялауға талпынысын да мойындамайды", – деп мәлімдеді Мемлекеттік департаменттің ресми өкілі Марк Тонер. Оның айтуынша, АҚШ Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігінің сақталғанын қалайды.
Марк Тонер өз мәлімдемесінде Вашингтонның "Қырымды Ресейдің басып алғанын айыптайтынын және оны тез арада тоқтатуға шақыратынын" айтты. "Біздің санкцияларымыз Ресейдің Қырымда Украинаға қайтарып бермейінше сақтала береді", - деді ол. Бұның алдында АҚШ президенті Дональд Трамп Мәскеумен тығыз байланыс орнатуға уәде берген еді. Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Қырымды Украинаға қайтарып беруі мүмкін дегенді жоққа шығарды. 16 наурызда Еуропалық парламент Мәскеуден жиырма шақты украиналық тұтқынды босатуын сұраған еді. 2014 жылы сәуірде басталған жанжалдан 9750 адам қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары