739
Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан турнирді жалғастырудан бас тартты
Елена Рыбакина чемпионаттың екінші айналымында франциялық теннисші Джессика Поншемен өтетін ойынға қатысудан бас тартты.
Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тағы US Open турнирін жалғастырудан бас тартты.
Елена Рыбакина чемпионаттың екінші айналымында франциялық теннисші Джессика Поншемен өтетін ойынға қатысудан бас тартты. Спортшының айтуынша, сайыстан шығуына жарақаты себеп болған.
«Өкінішке орай, жарақатыма байланысты бүгінгі матчтан бас тартуға мәжбүр болып тұрмын. Маусымның соңғы «Үлкен дулыға» турнирін бұлай аяқтағым келмеген, бірақ өз денемді тыңдауым керек. Жылды жақсы аяқтаймын деп үміттенемін. Мені қолдайтын барлық жанкүйерлерге алғыс айтамын, турнирде қалған ойыншыларға сәттілік тілеймін», – деді Рыбакина.
Елена Рыбакина биылғы маусымда осымен сегізінші рет турнирлерге қатысудан өз еркімен бас тартты.