Еуропалық банк Өзбекстандағы инвестициясын көбейтті

Еуропалық банк Өзбекстандағы инвестициясын көбейтті

Еуропалық банк Өзбекстандағы инвестициясын көбейтті
ашық дереккөзі
200
Еуропалық даму және қайта құру банкінің президенті Сума Чакрабарти бастаған делегация 15 наурыздан бастап Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен бірге әріптестікті дамыту мәселелерін талқылап жатыр.
Банктің баспасөз хатшысы Джонатан Чарльздың айтуынша, Ташкенттегі кездесу өзара түсіністікпен өтіп жатыр. "Олар (Өзбекстан билігі) экономикалық реформалардың шын жүрегімен қолдайды, біз олардың бұл ұмтылысын қолдаймыз", - деп мәлімдеді Чарльз. Бұған қоса ол банк негізінен жекеменшік кәсіпорындарға инвестиция бөлгенді қалайтынына қарамастан, басқа да жобаларды қараусыз қалдырмайтынын хабарлады. "Біз Өзбекстаннан ешқашан кеткен емеспіз. Мұнда 8 миллион евроның жобалары жұмыс істеп жатыр. Бірақ біз инвестиция көлемін әлдеқайда көбейткіміз келеді", - деді Чарльз. Еуропалық даму және қайта құру банкі Өзбекстанда 1993 жылдан бері жұмыс істеп келеді, дегенмен банк 2010 жылы елдегі операцияларын тоқтатып тастады. ЕДҚБ - Орталық Азия елдеріндегі ең ірі қаржы инвесторы. Ол 15 жылдың ішінде республика экономикасына 1 миллиард доллардан астам қаражат құйды.

Серіктес жаңалықтары