Орал қаласында жолаушылар автобусынан өрт шықты

Оқиға 30 тамыз күні «Омега» зауыты маңындағы көпірде болды

Орал қаласында жолаушылар автобусынан өрт шықты
БҚО ТЖД баспасөз қызметі
365

Орал қаласында жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлады БҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиға 30 тамыз күні сағат 19:26-да «Омега» зауыты маңындағы көпірде болды.

«Х.Есенжанов көшесі 4-үй тұсында 3-бағытпен жүретін „Мерседес-Бенс“ автобусының мотор бөлігі өртенді. Зардап шеккендер жоқ. „Тілсіз жау“ сағат 19.42-де оқшауланып, екі минуттан кейін ауыздықталды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары