254
Мәскеуде өзбек журналисін Ташкенттің сұратуымен ұстады
Мәскеуде өзбек журналисін Ташкенттің сұратуымен ұстады
Мәскеу полициясы "Новая газета" басылымының штаттан тыс тілшісі Худоберді Нұрматовты ұстады. Журналист материалдарын Әли Феруз бүркеншік атымен жариялайтын. Ол қазір Мәскеудің Персненск ауданындағы тергеу абақтысында "Федералдық қауіпсіздік қызметінің сұрақтарына жауап беріп жатыр".
"Новая газетаның" бас редакторы Дмитрий Мұратовтың айтуынша, журналисті ұстау себебі - өзбек арнайы қызметінің талабы. "Оны полиция ұстады, бірақ олардың тілшіге ешқандай талабы жоқ. Өзбекстанның арнайы қызметі сұрау салған, өйткені ол сол елден қашуға мәжбүр болған. Ол бірнеше мәрте көші-қон қызметіне хабарласып, осында тұруға рұқсат алуға талпынды", - деді Мұратов.
"Новая Газетаның" баспасөз хатшысы Надежда Прусенкова да журналистің "құжаттары түгел еместігін" тастады. Ол ресейлік биліктен босқын мәртебесін сұраған, бірақ оған бермеген, кейін бұл шешімді сот жойған.
"Бұнда ол барлық құжаттарынан айрылып қалды, соңғы бір жылда біз соларды қалпына келтірумен айналыстық. Қазір оның қолында босқын мәртебесін беруден бас тарту туралы шешімнің күші жойылғанын растайтын қағаз бар", - деді Мұратов.