Оралда қоқыс полигонынан өрт шықты

Өрт толығымен оқшауланып, сөндірілді

Оралда қоқыс полигонынан өрт шықты
Видеодан алынған кадр
310

Оралда қоқыс полигоны өртенді, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Мәлімет бойынша, өрт сөндірушілер қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында орын алған алапат өртпен екі сағаттан астам уақыт арпалысты.

«Орал қаласында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында алдын ала 600 ш.м аланда өрт болды. Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.

Өрт толығымен оқшауланып, сөндірілді.

Серіктес жаңалықтары