"Өлім – тек "зақым келу", оны түзеуге болады": 30 жыл зерттеу жүргізген АҚШ профессоры тосын мәлімдеме жасады

Арнайы аппараттар мен дәрі-дәрмектердің көмегімен адамды қайта тірілту мүмкіндігі бар.

"Өлім – тек "зақым келу", оны түзеуге болады": 30 жыл зерттеу жүргізген АҚШ профессоры тосын мәлімдеме жасады
сурет: istockphoto.com
694

«Өлім – бәрі бітті деген сөз емес, оны кері қайтаруға болады», – деп мәлімдеді АҚШ профессоры Сэм Парния 30 жыл зерттеу жүргізген соң.

«Егер мен ертең инфаркт алып, қайтыс болсам, неге мен өлі күйде қалуым керек?» — деп риторикалық сұрақ қойды дәрігер.

Жаңа деректер көрсеткендей, «өлімнен» кейін сағаттар немесе күндер өткен соң да ми жұмысын қалпына келтіруге болады, арнайы аппараттар мен дәрі-дәрмектердің көмегімен адамды қайта тірілту мүмкіндігі бар.

Профессордың айтуынша, өлім — бұл тек «зақым келу», оны жөндеуге болады, сондықтан біздің оған деген көзқарасымызды қайта қарастыратын уақыт келді.

Серіктес жаңалықтары