Қазақстан тректегі велоспорттан Азия кубогында 4 медаль еншіледі

Із кесу жарысында Максим Хорошавин үшінші орын иеленді. Сондай-ақ, ол омниумда күміс медаль алды.

Қазақстан тректегі велоспорттан Азия кубогында 4 медаль еншіледі
ҰОК
333

Таиландта тректегі велоспорттан Азия кубогі аяқталып, Қазақстан төрт медаль иеленді, деп хабарлады turkystan.kz.

Із кесу жарысында Максим Хорошавин үшінші орын иеленді. Сондай-ақ, ол омниумда күміс медаль алды. 

Әйелдер арасындағы жекелей із кесу жарысында Рината Сұлтанова үшінші орын алды.

Ұпай бойынша топтық жарыста Әлішер Жұмақан күміс медальға қол жеткізді.

Серіктес жаңалықтары