Қызының мектептегі іс-шарасына барған Жұлдыз Әбдікәрімова жылап жіберді

Жұлдыз Әбдікәрімованың қызы он бірінші сыныпқа барды.

Қызының мектептегі іс-шарасына барған Жұлдыз Әбдікәрімова жылап жіберді
740

Қайрат Нұртастың жары күнделігіне жазған жазбасын бөлісті, деп хабарлады turkystan.kz.

Актриса 1 қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиында қызының бой жеткенін көріп қуаныштан жылап жіберді. Бұл туралы әлеуметтік желіде оқырмандарына арнап әсерлі жазба қалдырды.

«Иә, бүгін 2024 жылдың 1-қыркүйегі. Демек, Сезім бірінші емес, 11-сынып оқушысы. Тақтайшадағы жазуды енді анық көрдім. Маған қарап, күлімдеп тұрған бойжеткен қыз - менің Сезімім. Уақыт қалай тез зымыраған? 1-сыныптан кейінгі он жыл қалай тез зырғып өткен?... Менің санам сені 11-СЫНЫП оқушысы ретінде қабылдауға дайын емес екен. Көзден жас бұрқ етті. Сезімім, қандай сұлу, қандай әдемі бойжеткен болғансың? Нәзік жымиғаның, аз ғана әрлеп қойған опа-далабың бәрі-бәрі әдемі. Қызым, мен сені Жаратқанның разылығы үшін, жан дүниеммен жақсы көремін! Жолың ақ, өмірің мәнді, өрең биік болсын деп, қайталай бердім. Тамағыма келіп тығылған өксік не ары, не бері кетер емес... Осы күнге дейін санам, деңгейім, күшім, қауқарым жеткенше өзіңе жол-жөн көрсетуге тырысып келемін. Үнемі қолдауға, қорғауға бармын....», - деп жазды актриса Жұлдыз Әбдікәрімова.

Серіктес жаңалықтары