Гиннестің рекордтар кітабы: Гана азаматы ағаш құшақтаудан рекорд орнатты

Абдул Бұл тапсырманы Ганадағы табиғатты қорғаудың маңызына назар аудару үшін орындағанын айтады.

Гиннестің рекордтар кітабы: Гана азаматы ағаш құшақтаудан рекорд орнатты
сурет: guinnessworldrecords.com
462

Ганалық 23 жастағы журналист ағаш құшақтаудан ең ұзақ әлемдік рекордты жаңартты. Бұл туралы Гиннестің рекордтар кітабының ресми парақшасында айтылған.

Абдул Хаким Авалдың Кумаси Мәдени Орталығының сыртында өткен "ағаш құшақтау рәсімі" 24 сағат 21 минутқа созылды.

Алдыңғы 16 сағаттық рекордты Угандалық экологиялық белсенді Фейт Патрисия Арройо осы жылдың басында орнатқан болатын.

Абдул Бұл тапсырманы Ганадағы табиғатты қорғаудың маңызына назар аудару үшін орындағанын айтады. Ол өзінің рекордтық әрекеті жалғасқан әрбір минут үшін жаңа ағаш отырғызуға уәде берді, ол барлығы 1461 ағаш отырғызбақ.

Серіктес жаңалықтары