Ақылы көлік тұрағы Мәжіліс пен Сенатты дауластырды

Ақылы көлік тұрағы Мәжіліс пен Сенатты дауластырды

Ақылы көлік тұрағы Мәжіліс пен Сенатты дауластырды
ашық дереккөзі
505

Мәжіліс депутаттары Сенат депуттарын ақылы көлік тұрақтары мәселесіне байланысты сынады. Мәжілісмендердің айтуынша, Сенат көлік қоятын орынның аумағы мен ақы төлеу әдісін құжат жүзінде бекітпеген. Тек қана «Жол ережесі туралы» заңға өзгеріс енгізумен шектелген. Енді заң құжатындағы белгісіздіктің әсерінен тұраққа ақы төлеу мәселесі дауға айналып кетті. Мұның шешімін табу үшін тұраққа қатысты барлық мәселелерді жіктеп барып, заңды бекіту қажет. Ал қазір жол бойындағы тұрақтарда жүргізушілер үшін көмекші болып жүргендер қызметі үшін әр адамның бергенін ғана алады екен. Алайда олардың мұндай қызметін заңсыз деп есептейтіндер көп. Ол қызметкерлер тұрақтың ақысын алғанмен, көліктің қауіпсіздігі үшін жауап бермейді. Оларға мұндай орындарды белгілеп беретін әкімшілік дейді жүргізушілер. Мұндай ақылы тұрақтар әзірше Астана мен Алматы қалаларында бар. Алдағы уақытта барлық облыс орталықтарында пайда болуы мүмкін. «Жол жүру ережесі туралы» заңға осындай өзгеріс енгізген Сенатты Мәжіліс депутаттарының бірі Рауан Шаекин: «көлік қоятын орынның аумағы, ені, қанша жолақ түседі, жүргізуші төлемді қалай өтейді, көліктің қауіпсіздігіне кім жауапты. Сенат енгізген өзгерісте бұл мәселенің бәрі толық шешілмеген», – деп сынады. Өзгеріс енгізілген заң жобасында ақша қабылдайтын құрылғының сертификаты болуы керектігі ғана көрсетілген. Ал оның не талон, билет арқылы, не қолма қол төленетіні белгісіз. Десек те, мәжілісмендердің осындай сынына ұшыраса да, құжат қабылданып кетті.

Серіктес жаңалықтары