“Бас есепші”, “менеджер”, “аудитор” және “төраға мысық”: Жапониялық компания 11 мысықты жұмысқа алған
Компания мысықтардың жайлылығы үшін офисін қайта жаңартқан.
Qnote жапондық технологиялар компаниясы 11 мысықты жұмысқа алған. Бұл қызметкерлерді күйзелістен қорғау үшін жасалған жағдай, деп жазды scmp.com.
Қазір компанияның офисінде 11 "қызметкер" мысық тұрады, олардың көбі толық уақыт режимнде жұмыс істейді. Компания мысықтардың жайлылығы үшін офисін қайта жаңартқан.
2020 жылы Qnote төрт қабатты кеңсеге көшкенде, мысықтарға арналған арнайы кеңістіктерді ұмытқан жоқ. Екінші және үшінші қабаттар мысықтардың игілігі үшін жөнделді, 12 мысықтың дәретханасы мен мысық сөрелері орнатылды, қабырғалары тырнап кетуден сақтандыру үшін боялды.
Компания мысықтарға әртүрлі рөлдер тағайындады: “бас есепші”, “менеджер”, “аудитор” және “төраға мысық”. Төраға мысық – Футаба, 20 жасар ең жоғары дәрежелі қызметкер, тіпті басшы Нобуюки Цурутадан да жоғары саналады.
Алты мысық Футаба мен басқа бір қызметкердің мысығынан туған. Сондай-ақ, бұрынғы көшеде жүрген мысық, жол апатынан құтқарылған мысық және мысық кафесінен қабылданған мысықтар да бар.