Ұялы телефон ДНҚ-ға зиян келтірмейді, қатерлі ісік тудырмайды – ДДСҰ
Бұл зерттеу 63 зерттеуді қамтыған метаанализ негізінде жасалған және Environmental International журналында жарияланған.
Ұялы телефонды пайдалану мидың қатерлі ісігін тудыру қаупін арттырмайды деп көрсеткен ауқымды зерттеу нәтижелері жарияланды. 1990 жылдардың ортасынан бастап мобильді телефондардың танымалдылығы өскеніне қарамастан, мидың қатерлі ісігі бойынша ауру деңгейі ұлғаймаған. Бұл туралы euronews.com жазды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) тапсырысымен жүргізілген кең ауқымды зерттеу мобильді телефондарды пайдалану мидың қатерлі ісігі қатерін арттырмайтынын көрсетті. Мобильді телефондар төмен деңгейдегі және жиілік бойынша ионизацияланбайтын сәулелену шығарады, бұл ДНҚ-ға зиян келтірмейді, медициналық рентгендер мен Күннің сәулеленуінде кездесетін ионизирленген сәулеленуден айырмашылығы бар.
Мобильді телефондар мен басқа да ұқсас радиожиіліктерді пайдаланатын сымсыз технологиялардың, соның ішінде радио, телевидение және радионяньдердің танымалдылығының артқанына қарамастан, үш түрдегі мидың қатерлі ісігі, лейкемия, гипофиз немесе сілекей бездерінің қатерлі ісігі ауруларының өсуі байқалмаған.
Бұл зерттеу 63 зерттеуді қамтыған метаанализ негізінде жасалған және Environmental International журналында жарияланған.