Бірнеше өңірде жаңбыр жауады: 7 қыркүйекке арналған ауа райы

15 облыста дауылды ескерту жарияланды.

Бірнеше өңірде жаңбыр жауады: 7 қыркүйекке арналған ауа райы
Сурет: istockphoto.com
599

Синоптиктер 7 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту болайтынын бюолжады, деп хабарлады turkystan.kz.

Ұлытау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда да жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні -  15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-18 метр жылдамдықпен жел соғады деп болжанады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың шығысында үсік жүреді, сынап бағаны 2 градус суықты көрсетеді деп күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде аракідік қатты жаңбыр жауады, Алматы қаласының және облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында соққан желдің екпіні 18-23 м/с құрайды. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында кей уақыттарда найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 18 м/с. Қонаев қаласында түнде және таңеретең найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18-23 м/с дейін жетеді.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды, күндіз облыстың таулы аудандарында бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан, оңтүстік-батыстансоққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ беті қатып үсік жүреді деп күтіледі, сынап бағаны 2 градус суықты көрсетеді. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда бұршақ түседі деп күтіледі.

Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада да төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, тау асуларында соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Шымкентте төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады. Түркістанда да төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.

Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда да жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі.  Облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, областың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары