Әлімханұлы келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

Жекпе-жектің нақты қай күні өтетіні әзірге белгісіз

Әлімханұлы келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады
vesti.kz
632

Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы рингке оралу мақсатында қызу дайындықты бастап кеткен. 

«Мен жаттығуды бастап кеттім! Жақында жекпе-жек болады!» - деп жазды ол.

1bol.kz сайтының мәліметінше, осы аптада Әлімханұлының өкілдері, Top Rank промоутерлік компаниясы, Жаңа Зеландиялық үміткер Андрей Михайловичпен болатын міндетті титул қорғауын өткізу құқығына No Limit Boxing компаниясымен өткен саудада жеңіліп қалды.

Жекпе-жектің нақты қай күні өтетіні әзірге белгісіз. Бастапқыда олардың кездесуі шілде айында өтуі тиіс еді, бірақ Жәнібектің денсаулығына байланысты кейінге қалдырылды.

Серіктес жаңалықтары