Түйіндемесінде жалған ақпарат берген маман 15 жылға сотталды

Сондай-ақ жұмыс істеп жүргенде Мтимкхулу неміс компаниясына жалған ұсыныс хат жасатып алған. Нәтижесінде Prasa басшылығы қызметкерін жоғалтпау үшін оның жалақысын көбейтуге мәжбүр болады

Түйіндемесінде жалған ақпарат берген маман 15 жылға сотталды
istockphoto.com
972

Оңтүстік Африкада жолаушылар темір жолының бас инженері түйіндемесінде білімі мен кәсіби біліктілігі туралы жалған ақпарат бергені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Slashdot порталының мәліметінше, 49 жастағы Дэниел Мтимкхулу Prasa-ға 15 жыл бұрын келген. Бұл лауазымға ие болу үшін ол беделді шетелдік университеттердің дипломдарын ұсынған, сонымен қатар Германияда аспирантураны бітіргенін және докторлық дәрежесін алғанын айтады.

Жалған дипломның арқасында Мтимкхулу қызметте тез көтеріліп, оның жалақысы жылына 156 мың долларды, яғни айына 12 мың долларды (5,7 млн теңге) құрады. Ол компанияның бас инженері қызметін атқара жүріп, бірнеше сәтсіз мәмілелер жасап, компанияға айтарлықтай қаржылай шығын әкелген. Сонымен қатар оған сыбайлас жемқорлыққа қатысты айып тағылды. Осыдан кейін Мтимкхулуға қатысты тергеу басталып, тергеу барысында ер адамның білімі туралы өтірік айтқаны белгілі болды. Шындығында ол орта мектепті ғана аяқтаған.

Сондай-ақ жұмыс істеп жүргенде Мтимкхулу неміс компаниясына жалған ұсыныс хат жасатып алған. Нәтижесінде Prasa басшылығы қызметкерін жоғалтпау үшін оның жалақысын көбейтуге мәжбүр болады.

Алаяқтығы әшкереленген кезде Prasa Дэниел Мтимкхулуды сотқа берді. Іс бірнеше жылға созылып, нәтижесінде 2024 жылы ол 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары