550
«Бақыттың не екенін түсіндім»: Ерке Есмахан ешкіммен жағаласпай жүргенін айтты
Әнші үйден шықпай-ақ бақытты болуға болатынын айтты.
Ерке Есмахан күйеуге тигеннен кейінгі өміріндегі оң өзгерістерді тілге тиек етті, деп хабарлады turkystan.kz.
«Бір кездері мен көп жұмыс істеп, ұшып қонып, еш жерден қалмай, жарқ-жұрқ еткен орталарда жүріп, назардың бәрі менде болғанына керім, күштімін - «осы менің бақытым» дейтінмін. Сөйтсем, қазір тіпті үйден шықпай, ешкіммен жағаласпай, нағыз бақыттың не екенін түсінгендеймін. Нағыз бақыт - ішкі тыныштық… Шүкір! Сіздерде қалай?», - деп жазды әнші,