Маңғыстауда тамақтан уланған 43 оқушы ауруханадан шықты

Стационарда 53 бала емін жалғастыруда

Маңғыстауда тамақтан уланған 43 оқушы ауруханадан шықты
istockphoto.com
368

Бүгінгі таңда Көпфункционалды облыстық балалар ауруханасында инфекциядан зардап шеккен 43 бала жазылып кетуіне байланысты емін аяқтап, ауруханадан шығарылды. Олардың бәрі амбулаториялық бақылауға алынған және барлығының жағдайы жақсы. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Стационарда 53 бала емін жалғастыруда, олардың жағдайы да тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Ауру шыққан кезден бастап (2024 жылғы 6 қыркүйектен бері) өңірдің медициналық мекемелеріне

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы «№ 8 жалпы білім беру мектебі» МКК -ның қызуы көтерілген, іші өткен, лоқсып, әлсіздік байқалған 466 оқушысы қаралған болатын. Соның ішінде 96 бала қажетті медициналық көмекті алу үшін ауруханаға жатқызылды.

Науқастарға тиісті медициналық көмек көрсетілді. Сонымен қатар сол жерде науқастарды емдеуге көмек көрсету бойынша Астана медициналық университетінің инфекционистері мен гастроэнтерологтары, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл медицина Ұлттық үйлестіру орталығының мамандары жұмысын жалғастырып жатыр. 

Серіктес жаңалықтары