301
ШҚО-да балалар 11 тонна шөпті өртеп жіберген
Енді балалардың ата-анасы жауап беретін болады.
Балалардың шалалығынан ШҚО-дағы шаруа қожалықтарының бірі қысқа дайындаған шөбінен айырылып қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өрт Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында болған. Оқиға орнына өңірдің ТЖД құтқарушылары аттанды. Балалардың абайсызда жасаған әрекетінен 11 тонна шөп жанып кеткен. Зардап шеккендер жоқ.