398
Жапония билігі ауылдың жігітіне тұрмысқа шыққан қыздарға өтемақы төлеуді ұсынды
Үкімет бұл шара арқылы үш бірдей мәселені шешуді көздеген.
Жапонияда ауыл жігітіне тұрмысқа шығып, оның ауылына көшуге келіскен қыздарға 600 мың йен төлеу туралы ұсыныс айтылған. Бұл туралы scmp.com жазды.
Үкімет бұл шара арқылы үш бірдей мәселені шешуді көздеген: қыздардың Токиоға көшуін тоқтату, соңғы 90 жылдағы ең төменгі неке пайызы мен төмендеп бара жатқан туу көрсеткішін арттыру.
Алайда сыншылар әйелдердің болашағын ақшаға сатып алуға болмайтынын айтып, бағдарламаны сынағаннан кейін, ол тоқтатылды.