«Әкем ұл күткен, мен туғанда қатты ренжіпті»: Назым Қызайбай бала күнгі естелігін айтты

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай отбасылық құпиясын айтты.

«Әкем ұл күткен, мен туғанда қатты ренжіпті»: Назым Қызайбай бала күнгі естелігін айтты
Сали Сабиров
Автор
Админ
490

Спортшы бала күнгі естеліктерін 7 арнаға берген сұхбатында бөлісті, деп жазады turkystan.kz.

Жүргізуші Назым дүниеге келген кезде әкесінің ренжіп, өкпелегені жайлы сұраған.

«Оны енді анам маған солай айтты. Осы уақытқа дейін әкемнен сұрап көрмеппін, шыны керек. Алдымда ағам мен әпкем бар. Әкем үшінші бала тағы ұл болады деп күткен екен. «Кейін қыз туғанда әкең кәдімгідей ренжіп, перзентханаға 2-3 күн келмей қойды» деді. Өзім де кішкентай кезімнен қыздарға қарағанда ұлдармен жақсы тіл табысатынмын. Қыз достарым болса да, ұлдармен көп жүретінмін. Ұлдармен асық ойнап, футбол ойнаған қызық болатын. Бауырларыма тиіссе мен баратынмын. Қыздармен қуыршақ ойнаған қызықсыз еді. Бір орында отырмайтын, жүгіріп ойнайтын ойындар ұнайтын», - дейді Назым Қызайбай.

Серіктес жаңалықтары