«Қайран, Қайнар ағай!»: Ақбота Керімбекова журналистке өкпесін айтты

Ақбота Керімбеков журналист Қайнар Олжайдың жазбасына жауап берді.

«Қайран, Қайнар ағай!»: Ақбота Керімбекова журналистке өкпесін айтты
сурет ашық дереккөзден алынды
1109

Белгілі әнші Ақбота Керімбекова журналисттің пікіріне көңілі толмағанын жеткізді, деп хабарлады turkystan.kz

Қайнар Олжай телеарнадағы қызметі кезіндегі жобаларды түсіру барысында болатын кикілжіңдерге қатысты ойын білдірген болатын.

«Алматыда алғаш «Екі жұлдыз» жобасы түсірілгенде корпорацияда қызметте едік. Сол жобаға продюсер болған – Динара Адам, ал жобада бірнеше рет жеңімпаз болған – Ақбота Керімбекова мен Қайрат Әділгерей жұбы. Демек Динара Ақботаға ұрысса, бұрыннан білетін сыралғы адамы. Бізде бір кезде «Хабарда» қасымызда қызмет еткен Серік Аббас Шах, Серік Жанболаттың шағын қағып аламыз. Ертесінде түк болмағандай жайраңдап жанымызда жүреді», - деп жазды журналист Қайнар Олжай фейсбуктегі парақшасында.

Өнер иесі бұл жазбаға көңілі толмағанын әрі журналист ағасына өкпесін жеткізді.

«Сіздер оқыған әдебиет терминдерімен сөйлетсек, сюжеттік талдаудың шарықтау шегі Сіз ойыңыздың астында қолдап отырған Дианараның сөзі ал шешімі менің Үндеуім болған. Сонда деймін да, Қайнар Олжайдың өзі Ұлттық арнаның жобаларын жасап жүрген жауапты адамның қатысушыға осылай сөйлегенін дұрыс көріп тұр ғой, иә?Сонда енді менің бұған өкпелейтін ретім жоқ қой, иә? Айналдым, қайран Қайнар аға! Мен білсем, Сіздің сөз өмірінде бір рет Қазақша ойлап, Қазақтың бір жылы сөзін басы бүтін айта алмайтын адамның арыз-өтінішінен қымбат тұруы керек еді», - деді әнші Ақбота Керімбекова.

Серіктес жаңалықтары