Қазақстанда жаңа әуежай салынады

Қазақ- неміс бірлескен жобасы аясында әуе айлағы салынады.

Қазақстанда жаңа әуежай салынады
сурет ашық дереккөзден алынды
650

Жаңа әуежай Жетісу облысындағы «Қорға -Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағының аумағында салынады, деп хабарлады turkystan.kz Ұлысмедиаға сілтеме жасап. 

Тиісті құжатқа Германия Канцлерінің Қазақстанға ресми сапары аясында көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен SKYHANSA басқарушы серіктесі Юрген Грецбах қол қойды.

Қазақ-неміс бірлескен жобасы 300-ден астам тұрақты жұмыс орнын құрып, жалпы сомасы 500 млн доллардан басталатын жеке инвестициялар сомасына үш кезең арқылы іске асырылады деп жоспарланған. 

«Жоба қуаты 500 адам/сағ дейін жолаушылар терминалы бар әуежай инфрақұрылымын, сыйымдылығы жылына 550 000 тоннаға дейінгі отын қоймасын, жылына 250 000 тоннаға дейін  жүктерді толық өңдейтін жүк терминалын салудың үш кезеңдік бағдарламасын көздейді», — деді Азаматтық авиация комитеті.

Жоба халықаралық әуежай салудан басқа, әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін авиациялық-техникалық орталық құруды, сондай-ақ басқа да туристік және сауда-ойын-сауық қызметтерін дамытуды қамтиды.

Бүгінде Жетісу облысының әкімдігі құрылыс үшін жер телімін бөлген. Инвестициялар туралы келісім жасалғаннан кейін инвестор іске асыруға кіріседі.

Серіктес жаңалықтары