"Мемлекет басшылары келеді, кетеді. Халық бейбіт өмір сүру керек" – Тоқаев Украинадағы жағдай туралы айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Олаф Шольц өзекті мәселелер туралы пікір алмасты.

"Мемлекет басшылары келеді, кетеді. Халық бейбіт өмір сүру керек" – Тоқаев Украинадағы жағдай туралы айтты
сурет: akorda.kz
146

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ГФР Канцлері Олаф Шольц келіссөздер барысында халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Бұдан бөлек, Украина төңірегіндегі жағдайға назар аударылды.

– Мемлекеттер басшылары келеді, кетеді. Ал халық, әсіресе көршілес халықтар бейбіт әрі бір-бірімен түсінісіп өмір сүруі керек. Қазақстанның Ресеймен дүние жүзі бойынша құрлықтағы ең ұзын шегенделген шекарасы бар. Біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастық стратегиялық серіктестік пен одақтастық аясында дамып келеді. Қазақстандықтар украин халқы мен оның төл мәдениетіне шынайы құрметпен қарайды. Қазақстан мен Украина арасында ешқандай келіспеушілік болған емес. Киевте Елшілігіміз әлі де жұмыс істеп жатыр, – деді Қазақстан Президенті.

Серіктес жаңалықтары