Ғалымдар мансаптағы басты кедергі қарапайымдылық деген қорытындыға келген

Ғалымдар кішіпейіл адамдарды басшылық «пайда күтпейтін командалық ойыншылар» деп қабылдайтынын дәлелдеді.

Ғалымдар мансаптағы басты кедергі қарапайымдылық деген қорытындыға келген
сурет: istockphoto.com
303

Ғалымдардың пікірінше, мансаптағы басты кедергі – қарапайымдылық.

Жақында жарияланған Мичиган университетінің зерттеу жұмысы (Srna, Barasch, & Small, 2022) кішіпейілділіктің құндылығын әлеуметтік мәртебені көрсету артықшылықтарымен салыстыра отырып зерттейді. Бұл нәтижелер 21 сәуірде Journal of Personality and Social Psychology ғылыми журналында жарияланды.

Ресейліктердің 64%-ы өздерінің мансаптық өсуіне дәл осы қасиет пен өзін жеткілікті дәрежеде таныта алмауы кедергі деп санайды екен.

Ғалымдар кішіпейіл адамдарды басшылық «пайда күтпейтін командалық ойыншылар» деп қабылдайтынын дәлелдеді. Ал басшылық жоғары лауазымдарға немесе тим-лидтерге тағайындағанда, қарапайым адамдардан гөрі, бәсекелестерінен артықшылық жасай алатын белсенді және батыл тұлғаларды таңдайды.

Серіктес жаңалықтары