Биыл Қазақстанға Нидерланды мен Ресейден Тұран жолбарысын әкеліп, жерсіндіреді

Жолбарыстарды тегін береді.

Биыл Қазақстанға Нидерланды мен Ресейден Тұран жолбарысын әкеліп, жерсіндіреді
istockphoto.com
Автор
Админ
150

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев 2015 жылы Дүниежүзілік жабайы табиғат қорымен Тұран жолбарысын Қазақстанда реинтродукциялау туралы келісімшарт жасалғанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қаржыландыру олардың тарапынан жүреді. Биыл біз бірінші жолбарыстарды қабылдауға дайынбыз. Қажетті жағдайды жасап қойдық. Тұран жолбарысы амур жолбарысы тұқымдас», ­­- деді ол.

Оның айтуынша, жолбарыстар арнайы құрылған Іле – Балқаш резерватының аумағындағы Іле өзенінің сағасындағы 10 гектарлық вольерде ұсталатын болады. Оларды еркіндікке жібермейді. Бірақ күшіктері табиғи жағдайларға бейімделеді.

«Келесі жылы Ресейден 3-4 жолбарыс келеді деп күтіп отырмыз. Олар да амур жолбарыстары. 6 жолбарыспен Қазақстанда жоғалып кеткен жолбарыс түрін қалыпқа келтіру жұмыстарын бастаймыз. Жолбарыстарды бізге тегін береді», - деді министр.

Серіктес жаңалықтары