Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

Алматы облысының «Жағалау» оқу полигонында ҰҚШҰ-ның командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Қорғаныс министрлігі
391

26 қыркүйек пен 7 қазан аралығында Алматы облысында ҰҚШҰ-ның оқу жаттығуы өтпек. Қорғаныс министрлігі осыған байланысты үндеу жасады.

Алматы облысының «Жағалау» оқу полигонында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) «Мызғымас бауырластық-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Бұл оқу-жаттығуға Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдерінің әскери контингенттері қатысады.

«Осыған байланысты, азаматтар мен БАҚ өкілдерінен әлеуметтік желілерде таратылатын қауесеттерге мән бермей, тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз.

Әскери құрамалар 18 қыркүйектен бастап Алматы және Жетісу облыстарының аумағына темір жол және автомобиль көлігімен жеткізіліп жатыр. Оқу-жаттығу барысында әскери бөлімшелер оқу-жауынгерлік тапсырмаларды пысықтайтын болады.», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары