«Парламент депутаттары хабарласты»: Ақбота Керімбекова тағы да үндеу жасады

Әнші қазақстандық телеарна ұжымына өкпелі екенін жеткізді.

«Парламент депутаттары хабарласты»: Ақбота Керімбекова тағы да үндеу жасады
1402

Ақбота Керімбекова мен ұлттық арнаның жоба жетекшісі Динара Адам арасындағы түсінісбеушіліктен туындаған мәселе республикалық деңгейде талқыланып жатыр, деп жазды turkystan.kz.

Өнер иесі бүгін әлеуметтік желіде қорытынды үндеуін жариялады.

«Жексенбі кешіндегі “жекпе-жекке” де, міне, бүгін 3 күн, 3 түн өтіпті. Ұлттық арна арнайы мәлімдеме жасады. Динаражан араға бәлен адам салып, шәйға шақырып, тыңдауымды, түсінісуімді сұрады. Мен “бүгін посылать еткен адаммен ертесі дым болмағандай шәй ішіп отыра алмайды екенмін, біз “слишком народник” болғанымызбен, намысқоймыз!”,-деп жауап бердім және онымды дұрыс деп есептеймін. ТРК-ның басқарма төрайымы Лаззат Танысбай да арнайы кездесуге шақырған екен. Оқиғаға тікелей қатысы болмаса да, ұлтқа ортақ арнаның тізгінін ұстап отырғаннан кейін, мәселеде ұлт арнасының аты аталғаннан кейін бей-жай қарай алмағаны ғой, аман болсын! Ал мен көтерген негізгі мәселеге және оған үн қосқан халық пікіріне бас ауыртып жатқан ешкім жоқ. Сырттан режиссер шақырып, қаражат шашу туралы айтқаныма «тәжірибе алмасуымыз еді» депті. Айналайындар-ау, тәжірибені сол ірі телеканалдарға біздің мамандарды апарып алмастыруға болмай ма? Сол жақтың мүмкіндіктері мол емес пе?.. солай болсын-ақ, ол легионер режиссерларыңыз кімдерге тәжірибесін бөліп беріп жатыр? Сонда тәжірибе алмасу деген процесс 14 жыл қайталанып қана келе ме? Сырттан келгендердің тәжірибесінен сабақ алған 14 жыл ішінде бір Қазақ режиссер шықпағаны ма?.. “Аты ғана өзгеріп, заты сол қалпы және ол шет елдік арналардың көшірмесі қалпы қалған аталмыш ортаңқол жобаларының қоғамға, адамға берген, Қазаққа берген пайдасы, руханиятқа сіңірген еңбегі қайсы, оны жыл сайын қайталатуда не мән бар?”,-деген сауалыма да жауап жоқ. Әлде, журналист Дәурен Сейітжанұлы жазғандай, идеялық деградацияға ұшырағандарын мойындағылары келмегені ме екен?», - деп жазды Ақбота Керімбекова.

Оның айтуынша, жобаға жауапты адамдар осынша оқиғадан кейін өзін жобадан қайта көргісі келген. Алайда әнші олардың бұл әрекетін мазақ ету деп атады.

«Солай, халқым! Динара ұлым Біржанға айтқандай, 3 күн шуладық та, қойдық! Олар мырс етіп бір күліп алды да, өз дегендерін жасап жатыр. Сол баяғы ақымақ күйде қалған - БІЗ! Біздің Қазақстанда 20 мыңға жуық адам мәселе ғып көтерген ойлар да “қыстырылмай” қала береді. Соның айқын дәлелі - жексенбідегі жағдай! Бұл - телеарна көзқарасында… Жеңісіміз де жоқ емес, ҚР Парламентінің депутаттары хабарласты. Өте жақын уақытта осы телеарналардың айналасында өріп жүрген аутсорсорсинг компаниялардың жұмыстарының нәтижелері, мемлекеттік телеарналардың осы бағыттағы мәселелері Парламентте қаралатын болды. Міне, халық үніне құлақ асу деген — осы!», - деді Ақбота Керімбекова.

Серіктес жаңалықтары