302
Жетісуда қаңғыбас иттер бір үйдің 12 тоқтысын қырып кеткен (ВИДЕО)
Жетісу облысында қаңғыбас иттер жергілікті тұрғынның шарбағына кіріп, 12 тоқтысын орып кеткен.
Оқиға Сарқан ауданының Алмалы ауылында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сол ауылдың тұрғыны арам өлген тоқтыларды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған.
«Бұл иттер балаларға тиіссе не істейміз? Құзырлы органдар осыған бір шара қолданса екен», - дейді тұрғындар.
Алмалы ауылдық округінің әкімдігі бұл фактіні растады.
«Оқиға 12 қыркүйек күні Алмалы ауылы, Андабеков 52 мекенжайында орналасқан үйдің ауласында болған. Қой иесі аудандық полиция мен прокуратураға арыз жазған. Алмалы ауылдық округінің әкімдігі қой иесіне заң аясында көмектесед», - деп хабарлады.