Қорғаныс министрі әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын ерекше бақылауға алды

Қорғаныс министрі әскерлерде құқықтық тәртіпті, сондай-ақ әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған шаралар жүйесін күшейтуге қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Қорғаныс министрі әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын ерекше бақылауға алды
Автор
Админ
302

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев хабарлады.

«Қарулы күштерде құқық бұзушылықтарды тоқтату аясында көптеген шаралар қолданылады. Мәселен, «Жауынгерлік дос» жүйесі, яғни, әрбір келген әскери қызметшінің қасында екінші жауынгерлік досы болады. Оның басты міндеті – оны басқа бір жағымсыз жағдайлардан сақтап, қорғап жүру. Одан басқа, «Пирамида» жүйесі бар», - деді спикер.

Сонымен қатар сарбаздар «Отбасымен бейнеқоңырау» қызметі арқылы туыстарымен хабарласа алады. Әрбір бөлімде ата-аналар чаттары құрылған. Құқық бұзушылық әрекеттерінің алдын алу мақсатында әрбір әскери қызметші жүгіне алатын профилактикалық кабинеттер мен Сенім телефондары жұмыс істейді.

Бұдан бөлек, қызметтік үй-жайлар, оның ішінде казарма орналасқан жер бейнекамералармен жабдықталған. Ол үшін штаттарға оператор лауазымдары енгізілген.

 

Серіктес жаңалықтары