«Балаңыз ақша сұраса, бермеңіз»: Қорғаныс министрлігі әскери қызметшінің жалақысы жеткілікті екенін айтты

Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев қазақстандықтарды әскердегі балаларына ақша бермеуге шақырды.

«Балаңыз ақша сұраса, бермеңіз»: Қорғаныс министрлігі әскери қызметшінің жалақысы жеткілікті екенін айтты
сурет ашық дереккөзден алынды
523

Қорғаныс министрінің Тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев әскердегі сарбаздардың әлеуметтік жағдайына тоқталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаевтың сөзінше, көбіне сарбаздар ата-анасынан 2-3 мың теңге көлемінде ақша сұрайды. Сосын әскери бөлім жанындағы дүкендерден зат сатып алуға жұмсайды. Алайда ата-аналарда біреулер баламнан ақша талап етіп жатыр деген ой қалыптасатынын айтты.

«Әскердегі  сарбаз ата-анасынан 2-3 мың теңге сұрауына келсек, 18-19 жаста-ғы жігіт дүкеннен заттарды сатып алғысы келеді. Олар әскери бөлімнің жанындағы дүкендерден заттарды сатып ала алады. Міне, осыдан ата-ана біреу баламнан ақша сұрап жатыр деген ой туындайды», - деді Шайх-Хасан Жазықбаев.

Министрдің орынбасары әскердегі сарбаздарға ақша бермеуге шақырды.

«Әрбір мерзімді әскери қызметшінің киімі де, тамағы да бәрі бар. Егер ақша сұрайтын болса, оны беріп керек емес. Өзіне керек заттарды өз жалақысына алады. Егер (ақша) сұрау тағы көбейіп жатса, бәріңізде сол әскери бөлімнің командирлерінің, әскери полицияның телефон нөмірлері бар. Бірден сол жерге хабар беріңіздер», - деді қорғаныс министрінің өкілі.

Серіктес жаңалықтары