622
Елордада бір мектептің оқушылары ұялы телефон пайдаланудан бас тартты
Бұл бастаманы мектеп әкімшілігі көтеріп, ата-аналар мен оқушылар бір ауыздан қолдаған.
Астана қаласындағы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының оқушылары буллингке қарсы тұру мақсатында ұялы телефонды пайдаланудан біржола бас тартты.
Бұл бастаманы мектеп әкімшілігі көтеріп, ата-аналар мен оқушылар бір ауыздан қолдаған.
Сондай-ақ, екі жылдан бері осы тәртіпті пайдаланып келе жатқан мектепте балалар арасында құқықбұзушылық болмаған.