"Тетрис" ойыны күйзелістен құтқаруы мүмкін – зерттеу
Зерттеу пандемия кезінде, 2020 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы сәуірге дейін жүргізілген.
Уппсала университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу көрсеткендей, танымал "Тетрис" ойыны посттравматикалық стресстік бұзылысы (ПТСР) бар адамдардың естеліктерін айтарлықтай азайта алады. Бұл жаңалық әлемдегі миллиондаған адам, соның ішінде қарулы күштер ардагерлері мен алдыңғы шепте жұмыс істейтін медицина қызметкерлері үшін үміт береді. Бұл зерттеу BMC Medicine журналында жарияланды.
Идея мүлдем жаңа емес: 2009 жылдан бері "Тетрис" ойынының осы ерекше аспектісі талқыланып келеді. Сол кезде қазіргі Уппсала университетінің профессоры Эмили Холмс адамдар травматикалық жағдайға тап болғаннан кейін ойынды ерте араласу құралы ретінде қолдануға бола ма деген сұрақты зерттей бастады.
15 жыл бұрын Холмс жүргізген зерттеуде қатысушылар "Тетрис" ойынын ойнап, травматикалық фильм көргеннен кейін естеліктердің аздығын байқады. Ал тыныш отырып фильм көргендерде керісінше көп болды. Бұл зерттеу нәтижелері үміт күттіргенімен, тәжірибеге барлығы 40 адам ғана қатысып, қатаң бақылауда жүргізілген болатын.
Соңғы зерттеуге Швецияда жұмыс барысында жарақат алған COVID-19 науқастарымен жұмыс істеген 164 медицина қызметкері қатысты. Зерттеу пандемия кезінде, 2020 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы сәуірге дейін жүргізілді. Нәтижелері таңқаларлық болды. Қатысушылардың жағдайы бес апта бойы бақыланды. Орта есеппен олар аптасына 15 рет флешбэкті бастан кешірген. Радио тыңдау арқылы ем қабылдаған бақылау тобындағы адамдар аптасына орташа есеппен бес флешбэк туралы хабарлаған, ал "Тетрис" ойнағандарда бұл көрсеткіш тек бір рет қана болды.
Сонымен қатар, "Тетрис" ойнаған тәжірибелік топ алты айдан кейін бақылау тобына қарағанда флешбэк санын екі есе аз бастан өткергенін мәлімдеді.