Ақбота Керімбекова әнші Нұрболат Абдуллинді сынға алды

Екі әншінің ортасында түсініспеушілік бар тәрізді.

Ақбота Керімбекова әнші Нұрболат Абдуллинді сынға алды
960

Отандық эстрада жұлдызы Ақбота Керімбекова Adal Adam Youtube жобасына берген сұхбатында сахнадағы әріптесі Нұрболат Абдуллинге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Керімекова Абдуллиннің өнерін жоққа шығармаса да, оның бойынан менмендігі байқалатынын алға тартты.

Нұрболат Абдуллиннің әншілігін жоққа шығармаймын. Өзінше бір үні бар. Сый-құрмет жағына келсек, қатты сыйлаймын деп айта алмаймын. Мен ғана мұндай көзқараста емеспін. Өзі де көрсе, түсінер. Бізде қазір жарқырап шықса, көкіректерін аспанға тіреп қояды. Өмір бойы солай жүретін сияқты. Қасыңда тұрып, амандаспай кететін әншілеріміз бар. Оларды сыйламаймын. Нұрболатты сол қатарға қоямын. Оны өзінің бетіне де айтқанмын, айтамын да. «Мына көкірегіңді түсірмесең, біздің жасымызға сен де келесің, артыңнан сенен мықтылар да шығады, адам қарапайым болуы керек» дедім. Басқа-басқа, алдыңғы буын – бізге көрсетуі ұят қой, - деді ол.

Серіктес жаңалықтары