Танымал компания өзін сынға алған қызды басшы етіп тағайындады

Бір жылдан соң оны компания басшылары байқап, оны өнімді жетілдіру жұмысын басқаруға шақырған.

Танымал компания өзін сынға алған қызды басшы етіп тағайындады
Photographer: David Paul Morris/Bloomberg
494

Ли-Чен Миллер есімді Meta компаниясының қызметкері Ray-Ban көзілдірігін сынап, компанияның бүкіл желісіне басшы болып тағайындалған

Meta Platforms Inc. компаниясының қызметкері Ли-Чен Миллер Ray-Ban Stories көзілдірігін сынап, пікір жазғаннан кейін, бір жылдан соң оны компания басшылары байқап, оны өнімді жетілдіру жұмысын басқаруға шақырған.

Ли-Чен Миллер 2021 жылдың аяғында Microsoft корпорациясында жұмыс істеп жүргенде, Meta-ның Ray-Ban Stories көзілдірігінің алғашқы нұсқасын сатып алды. Алайда, өнімдегі кейбір кемшіліктер оның көңілін түсірген. Ол Meta-ның киілетін құрылғылар бөлімінің басшысы Алекс Химельге көзілдірікті жақсартуға қатысты ұзақ ұсыныстар тізімін жіберді. Химель оның көп ұсыныстарымен келісіп, нәтижесінде Миллер 2022 жылы Meta-ға жұмысқа шақырылды. Қазір ол компанияның барлық киілетін құрылғылар бөлімін басқарып, өзінің бұрын сынға алған Ray-Ban көзілдірігінің толық желісін дамытуға жетекшілік етеді.

Бұл көзілдіріктер Meta үшін маңызды өнімдердің біріне айналуда. Meta бас директоры Марк Цукерберг миллиардтаған долларды көзілдіріктерге бағыттап, бір күні бұл құрылғылар телефонның орнын басады деп болжайды.

Серіктес жаңалықтары