Айдар Таинов: Біздің мақсатымыз – атомды бейбіт жолмен пайдалану

Айдар Таинов: Біздің мақсатымыз – атомды бейбіт жолмен пайдалану
cурет: istockphoto.com
755

Бүгінде әлемде ядролық энергетика жетекші өндірістік салаға айналды. Дамыған елдер атомды бейбіт мақсатта тиімді пайдаланып, атом электр стансаларын көбейтіп жатыр. «жасыл» энергетика көзі деп танылған АЭС салуға қазақстан да талпынып отыр. Осы ретте біз Вена қаласында орналасқан атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттігіндегі (МАГАТЭ) ядролық инфрақұрылымды дамыту бөлімшесінде қызмет атқарып келген тәжірибелі маман Айдар Таиновпен әңгімелескен едік.

– АЭС туралы айтқанда, әлемдік тәжірибені айтпай өту мүмкін емес. озық елдердің үлгісін зерттеп көрдіңіз бе?

– Әлемде 30­дан астам елде АЭС бар, тағы 30­ға жуық ел оны салуға ниет білдіріп отыр. АЭС­ті пайдаланатын «ядролық клуб» құрамына Еуропаның және Африканың кейбір елдері де ынта танытып отыр, осы мәселе қызу талқылануда. Өйткені басқа энергия көздеріне қарағанда атомның экологияға зиянсыз «жасыл» энергетика көзі екені дәлелдене бастады. Әлемнің дамыған елдері бет бұрған атом саласына Қа­ зақстанның да қызығушылық танытуы – уақыттың талабы, сондықтан атом саласын зерттеу өте маңызды. Осы орайда мен Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің Ядролық инфрақұрылымды дамыту бөлімшесінде жұмыс істеп, халықаралық жобаларға атсалыстым. Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр, Түркия, Бангладеш, Беларусь Республи­ касы, Өзбекстан сияқты елдерде жүргізіліп жатқан АЭС жо­ баларын қолдап жатқан халықаралық ұйымның мамандары­ мен бірге жұмыс істеп, тәжірибе алмастым.

– МАГАТЭ-нің халықаралық жобала­ рына қатысқан тәуелсіз сарапшы маман ретінде қазақстанға қай елдің реакторы оңтайлы деп ойлайсыз?

– Қазір қарастырылып жатқан заманауи реакторлардың араларында 1200 МВт­тық су ішіндегі су атом реакторы сұранысқа ие. Қазақстанға АЭС салуға 4 мемлекет ұсыныс білдірді. Олар: Франция, Ресей, Қытай және Оңтүстік Корея. Électricité de France (EDF) компаниясы – Франциядағы ең ірі энергия өндіруші компания және әлемдегі ең ірі атом электр стансаларының операторы. EDF ком­ паниясы жалпы қуаттылығы 61 370 МВт болатын 56 АЭС энергоблогын іске қосқан. Бұл елдің электрді тұтыну көлемінің 43 пайызын құрап отыр. EDF компаниясы то­ лығымен мемлекетке тиесілі, онда 171 862 қызметкер жұмыс істейді. Компания атом электр стансаларында, су электр станса­ ларында, жылу, жел және күн электр станса­ ларында электр энергиясын өндіруді іске асырады, тасымалдайды және оны соңғы тұтынушыға таратады, сонымен қатар жабдықтар мен жылу шығаратын элемент­ терді өндіреді. Француздардың APR­1200 реакторы Ұлыбританиядағы АЭС­те салын­ ған.

Тізімдегі екінші ел – Оңтүстік Кореяның Korea Hydro & Nuclear Power (KHNP) компа­ ниясының APR­1400 реакторы. Бұл реак­ тормен Біріккен Араб Әмірліктеріндегі «Ба­ рака» АЭС­і салынды. БАӘ­нің АЭС салу ту­ ралы шешімі ерлікпен тең деуге болады. Аймақтағы геосаяси ахуалдың ушығып тұрғанына қарамастан, арабтар Оңтүстік Корея ұсынған технологиямен бүгінде ең заманауи, ең мықты АЭС салып алды.

Korea Hydro & Nuclear Power – Оңтүстік Кореяның электроэнергетикалық корпора­ циясының (KEPCO) еншілес компаниясы. KHNP Оңтүстік Кореяда ірі атом және су электр стансаларын басқарады, олардың үлесіне елдің электр энергиясының шамамен 30 пайызы тиесілі. KHNP компаниясы елде 26 АЭС энергоблоктарын іске қосқан. АЭС­ тың жалпы қуаты 25 825 МВт­ты құрайды, компания 12 551 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Үшінші ел Қытай China National Nuclear Corporation (CNNC) компаниясының HPR­ 1000 реакторын ұсынып отыр. Бұл дизайн бойынша Пәкістанда АЭС салынған. Қытайдың ұлттық ядролық корпорациясы (CNNC) – Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік кеңесінің шешімімен құрылған ірі мемлекеттік кәсіпорын. CNNC Қытайдың Мемлекеттік кеңесіне бағынады. Корпора­ цияның қызметіне ғылыми­зерттеу жұмыс­ тары, ядролық қаруды әзірлеу, уран кен орындарын геологиялық зерттеу, уранды өндіру және байыту, ядролық отын өндірісі, атом электр энергиясын өндіру, Қытайда және шетелде АЭС жобалау және салу, ядролық реакторларға энергетикалық жабдықтар әзірлеу, ядролық қалдықтарды қайта өңдеу және жою жатады. CNNC 110­ нан астам кәсіпорынға ие, онда шамамен 100 000 қызметкер жұмыс істейді. CNNC компаниясы 15 АЭС энергоблоктарын іске қосқан. Елде жалпы қуаты 53 152 МВт болатын 55 энергоблок жұмыс істеп тұр. Көріп отырғанымыздай, Қытай реакторы да қаншама жылдан бері өзін ішкі нарықта дәлелдеп келе жатыр.

Төртінші ел Ресей су ішіндегі су атом реакторының (ВВЭР) 1000 және 1200­дік реакторын ұсынып отыр. «Росатом» мемле­ кеттік атом энергиясы корпорациясы – Ресейдегі ең ірі энергия өндіруші компания. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 223,371 млрд кВт/сағ электр энергиясын өндірген. Бұл елдегі жалпы өндірістің шамамен 20 пайызын құрайды. «Росатом» әлемдегі шетелдік жобалар портфелі бойын­ ша 1­орынды иеленеді (10 елде 33 энергия блогы бар), уран қоры бойынша әлемде 2­орында және оны өндіру көлемі бойынша 5­орында. Корпорация әлемдік ядролық отын нарығының 17 пайызын қамтамасыз етеді. Корпорация Ресейде 37 атом электр стансасының энергия блоктарын пай­ даланады. Атом электр стансасының жалпы қуаты 27 727 МВт­ты құрайды. «Росатомда» барлығы 310 916 адам еңбек етеді. Ресей қа­зір Түркияда, Бангладеште, Мысырда АЭС соғып жатыр. Мәселен, әлемдегі ең үлкен АЭС­ті Ресей қазір Түркияға салып беріп жатыр. Ең қызығы, АЭС «Росатомның» ақша­ сына салынып жатыр, мұндай жағдай әлемде бірінші рет болып отыр.

Жалпы, әр елдің өзінің атом энергетика­ сын дамыту туралы өз жолы бар. Барлық елдің тәжірибесі отандық мамандар үшін әрдайым қызық. Осының бәрін әліміз жеткенше зерттеп, ең жақсы деген үлгілер мен ба­ ғыттарды таңдап, енгізуге тырысуымыз керек.

Біз жоғарыда атаған мемлекеттердің барлығының технологияларына сенім ар­ туға болады. Бұл технологиялардың барлығы ІІІ және ІІІ+ буынды реакторлар. Алайда, алдағы екі жылда қандай өзгерістер болаты­ нын ешкім болжай алмайды.

– Дегенмен халықаралық ғылыми тәжірибеде қай елдің технологиясы озық және біз қай елдің тәжірибесіне жүгінгеніміз дұрыс?

– Қауіпсіздік, ядролық реактордың ди­ зайны мәселелері – бұл екі жылдан кейінгі шаралардың соңында қабылданатын бөлек шешім. Егер АЭС Алматы облысына қарасты Үлкен ауылының маңына салынатын болса, ол жерде 2 жыл бойы зерттеулер жүргізіледі. Таңдалған орынның сейсмикалық жағдайы, суы, экологиясы жіті бақыланады. Алынған мәліметтер таңдалған аймаққа барлық жа­ ғынан сәйкес келетін болса, ең ыңғайлы дизайн содан соң барып таңдалады. Дәл қазір бізге АЭС­ті қай мемлекет салатыны, қандай реактор таңдалатыны туралы айтуға әлі ерте.

Француздардың дизайнын қарасақ, ол Ұлыбританияда соғылған реактор техноло­ гиялары. Оңтүстік Кореяның ұсынып отырғаны бұған дейін БАӘ­де соғылды. Ол өзін көрсеткен дизайн. Қытайдікі де қаншама жылдан бері өз ішкі нарығында салып келе жатқан реакторлар. Ресейдікі қазіргі таңда Түркияда, Бангладеште, Мысырда соғылып жатыр. Бұлардың бар­ лығы да сенім артуға болатын технологиялар. Дегенмен екі жылда қандай өзгерістер болатыны әзірге белгісіз. Атом энергети­ касының қазіргі нарығы мен 2026 жылғы нарығында айырмашылықтар болуы мүмкін. Сондықтан ол кезде қабылданатын шешім сол уақыттағы нарыққа сәйкес болады.

Жалпы, өз басым Қазақстанға Оңтүстік Кореяның ұсынған технологиясы жақын деп ойлаймын. Олар үшін соғыстан кейінгі қиын жағдайда АЭС салу экономикасын да­ мытудың бір жолы болды. Басында АЭС­ке шағын жоба ретінде қарайды, дегенмен сая­ си түрде жақсы инвестиция жасайды. Олар ең алғаш АЭС­ті салып жатқан кезде «АЭС­ тің отын өндіру технологиясын оны бізге салып беретін мемлекет берсін және қолда­ нылған ядролық отынды өңдеу технология­ сын үйретсін» деп технологиялардың бар­ лығын меңгеріп алу үшін өз талаптарын қояды. Осылайша, Оңтүстік Корея АЭС­пен қоса жаңа технологияларға да қол жеткізді. Бірінші АЭС­ті шетелдіктер салып бергені­ мен, екінші АЭС­ті кәрістер өздері соғуға тырысады. Осылайша, шетелден алған көме­гі мен тәжірибесін шыңдап, бүгінде 25­тен аса АЭС реакторын салды. АЭС салумен қа­ тар технологияларды меңгеріп, өздерінің ішкі нарығын дамытты. Бүгінде Оңтүстік Корея шығарған техникалар әлем бойынша сұранысқа ие, өйткені сапалы, заманауи, төзімді. Міне, ең алғашқы АЭС­ті 1970 жыл­ дары шетелдіктерге салдырған Оңтүстік Корея бүгінде Қазақстанға АЭС салуға ұсы­ ныс білдіріп отыр.

– АЭС салу еліміздің энергетикалық қауіпсіздігіне қаншалықты үлес қоса­ды?

– ХХІ ғасырда мемлекеттер үшін энер­ гетикалық қауіпсіздік өте маңызды болып отыр. Өйткені біздің өміріміз толықтай энергетикаға тәуелді десек, қателеспейміз. Қазақстанда энергияның 70 пайызға жуы­ ғын көмірден алатынын білеміз. Яғни, энер­ гетикамыз көмірге тәуелді. Алайда біз бүкіл әлем бойынша ішкі нарықтарда жүргізіліп жатқан декорбонизация саясатына өз үлесі­ мізді қосып, алдағы 25­30 жылда болатын шектеулерге дайын болуымыз керек. Егер біз көмірден басқа энергия көздеріне ауыспасақ, болашақта үлкен шектеулерге тап болаты­ нымыз анық. Себебі дамыған және дамушы мемлекеттермен бірге Қазақстан Париж келісімшартына қол қойған ел ретінде пар­ никтік газ қалдықтарын 15 пайызға азайтуға міндеттеме алған. Яғни, АЭС энергиялық балансты сақтау үшін өте қажет.

Осы ретте климаттың өзгеруіне байла­ нысты, көмірден алатын энергияны азайтып, басқа көздерге бет бұру маңызды. Егер де біз қазіргі энергогенерациямызды сақтап отыра берсек, басқа мемлекеттерден артта қалып қоямыз. Біздің сыртқа экспорттап отырған көп өнімдеріміздің әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілік деңгейі төмендейді. Мәселен, Еуроодақтың Fit for 55 климаттық бағ­ дарламасы шеңберінде алдағы жылдарда олар өздері импорттайтын өнімдерін шек­ тей бастайды. Оған себеп – көміртек шы­ ғарындылары. Егер АЭС­тен бас тартсақ, біз үлкен салықтар төлейтін боламыз. Мәселен, Германия АЭС­тен бас тартып, ескі көмір стансаларын іске қосқаны үшін қосымша салық төлеп отыр. Бірақ бұл туралы ешкім айтпайды. Мұндай салықты Польша мемле­ кеті де төлейді. Әр мемлекеттің атом саласында өзінің саяси жолы бар. Десе де, уақыт өте келе бұл мемлекеттер көміртек шығарындыларын азайта бастайды деп ойлаймын. Біз Кеңес Одағынан бері жиналған атом өнеркәсібіне қатысты құ­ зіретімізді қолданып, АЭС салуды қолға алып отырмыз. Өткен ғасырдағы атомды пай­ далану мақсаты мен біздің көздеп отырған мұратымыз салыстыруға келмейді. Және бұл салада мамандарымыз да жеткілікті.

Бүгінде Қазақстан қыс мезгілінде энер­ гетиканы көрші мемлекеттерден қымбат бағаға сатып алып отыр. Өзге елге энергети­ калық тәуелді болудан құтылуға асыққан дұрыс. Ол үшін өзіміздің ішкі нарығымызда энергия өндіретін жаңа стансалар салуымыз керек. Өйткені барлық сала электр энергия­ сына тәуелді. Экономикаға да жаңа энергия көздері қажет.

Референдумда халық АЭС салуды қол­ даса, Қазақстан экономикасының тынысы ашыла түседі деп пайымдаймын. Өйткені, АЭС – ең бірінші кезекте экономикамызды дамыту үшін жасалып жатқан мега­жоба.

АЭС салу тек қана атомнан алынатын энергетикаға тәуелді болу немесе АЭС бар­ лық энергетикалық қажеттілігімізді жабады деп түсінбеуіміз керек. Бізге көмір, су, күн мен жел секілді баламалы энергия көздерінен алынатын энергияның үлесін 10­15 пайызға жеткізу керек. Атом стансасынан алынатын энергияны да 15 пайызға жеткізсек, энерге­ тикалық тапшылықтан біршама құтылар едік. Мәселен, кейбір мемлекеттер атом энергетикасын дамыту үшін тұтастай ядро­ лық энергетикалық бағдарлама қабылдап жатыр. Біз де болашақта бір ғана емес, бір­ неше АЭС салуды қарастырғанымыз жөн. Себебі халық саны көбейген сайын энергияға қажеттілік арта түседі. Бұл өз кезегінде эко­ номикаға да өз әсерін тигізеді. Сондықтан екінші, үшінші АЭС салу мүмкіндігін де қарастырған дұрыс деп санаймын.

Осы жерде тағы бір мәселені айта кеткім келеді. Жалпы, халықаралық тәжірибеде АЭС салу үшін референдум өткізу өте сирек кез­ деседі. Семей өткен ғасырда Кеңес Одағының сынақ алаңына айналды. Халық мұның зардабын тартудай­ақ тартты. Зиянын шаш­ етектен көрген қарапайым тұрғындарымыз­ дың санасына радиофобия сіңіп қалды. Сондықтан Кеңес Одағы кезіндегі әскери бағдарлама мен біздің қазіргі азаматтық бағдарламаны салыстыруға болмайды. Атом бомбасы бөлек, атом стансасы бөлек. Біздің мақсатымыз – атомды бейбіт жолмен пайдалану. Халқымыздың басынан өткен осындай нәубетті ескерген мемлекет АЭС салу туралы шешімді халықтың өзіне қал­ дырды. Бұл – халқымызға артылған үлкен сенім мен тарихи мүмкіндік.

– МАГАТЭ өзге елдерде салынып жат­ қан АЭС жұмысында қауіпсіздік талап­ тарын бақылайды дейді, бұл қалай жүзеге асырылады?

– Біз ең алдымен қауіпсіздіктің бірнеше деңгейі болатынын білуіміз керек. Бірінші, ядролық отын мәселелерін қатаң бақылау. Бұл – өте күрделі деңгей. Мұны ең баста МАГАТЭ­нің өзі жүргізеді. Атап айтқанда, АЭС­ке алып келетін отынның жүретін жо­ лын, сақталатын жерін МАГАТЭ бақылайды. Стансада ұйымның арнайы камералары тұ­ рады, өзінің инспекторлары келіп, бақылап, арнайы есеп жіберіледі. Ал ядролық ма­ териалдарды қорғау бұл – екінші деңгей. Ядролық нысандардың киберқауіпсіздігі, ол жердегі күзет, дизайнға байланысты қолда­ нылатын ішкі құралдар, оларды тасымалдау қызметі – мұның барлығы екінші деңгейдегі қауіпсіздік шаралары. Дәл осы деңгейді біздің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті бақылайды. Ал АЭС­те құрал­жабдықтардың дұрыс қолданылуы сияқты ішкі ұсақ­түйек жұмыстарды бақылау комитеті мен тікелей сол жерде жұмыс істейтін операторға беріледі.

– Әңгімеңізге рахмет!

 

Серіктес жаңалықтары